Жетісу облысында өрттен үш бала ажал құшты

Қыркүйек 25, 2026 - 17:17
chat_bubble  0 visibility  21
Жетісу облысында өрттен үш бала ажал құшты
Фото: Криминальный Казахстан

Жетісу облысында өрттен үш бала қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

25 қыркүйек таңертең Жетісу облысы Ескелді ауданындағы Бақтыбай ауылында барак үлгісіндегі жеке тұрғын үйден өрт шықты.

Өрт кезінде анасы 13 жастағы баласымен бірге үйден шығып үлгерген. Алайда тағы үш бала үйдің ішінде қалған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті сөндіру барысында үйдің ішінен бір, алты және сегіз жастағы үш баланың денесін алып шықты.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 1
Жарайсың Жарайсың 0