Біз туралы

«САДАҚ» (ساداق) — 1915–1918 жылдары Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған қазақ жастары шығарған қолжазба журнал. Араға бір ғасыр салып, Алаш қайраткерлерінің игі бастамасы қайта түледі: «SADAQ» интернет-басылым ретінде қайта жарыққа шықты.

Ресми тіркеу

  • 2022 жылғы 20 желтоқсанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы № KZ69VPY00061352 куәлігі берілді. Латын және кирилл қарпіндегі «Sadaq / Садақ» журналы деген қос атау ресми бекітілді.
  • 2026 жылғы 19 наурызда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды қайта есепке қою туралы № KZ23VPY00144921 куәлігі берілді. SADAQ атауы ресми бекітілді.

Бүгін «SADAQ» медиа агенттігі ретінде қызметін жалғастырады: Қазақстан мен әлем жаңалықтарын қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

Байланыс

Редакцияның байланыс деректері — «Редакциялық байланыстар» бетінде.