Сот блогер Жанәбіловке қатысты істі тоқтатты

Қазан 2, 2026 - 10:51
chat_bubble  0 visibility  8
Сот блогер Жанәбіловке қатысты істі тоқтатты
Фото: Әлеуметтік желі

Астанада блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты отбасылық-тұрмыстық жанжал бойынша әкімшілік іс тоқтатылды. Бұған ерлі-зайыптының татуласуы себеп болған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Сот мәліметінше, 30 қыркүйекте блогер үйде жанжал шығарып, жұбайы Эльмира Төлегенованың қолынан ұстап, өзара түсініспеушілік туындаған. Сот отырысында Жанәбілов хаттамадағы жағдайларды растаған. Ал Эльмира Төлегенова күйеуінің өзін ұрып-соқпағанын, тек келіспеушілік болғанын айтқан.

“Іс материалдарымен Жанәбіловтің бұрын осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылмағаны, құқық бұзушылықты алғаш рет жасағаны, өз кінәсін толық мойындағаны және жасаған ісіне өкінетіні анықталды. Сот жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ", - деп хабарлады сот.

Тараптар сотта татуласу туралы келісімді өз еркімен растаған. Осыған байланысты әкімшілік іс тоқтатылды. Әзірге сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0